Қызметтер
Сараптама алдындағы кеңес беру және жоабалу шешімдерін талдау
Жобалау құжаттамасын сараптау алдындағы тексеруді жүргізу үшін жобалау кезеңінде жүгінуге болады. Жобалау құжаттамасын егжей-тегжейлі талдау Тапсырыс берушінің сараптамадан өту мерзімін қысқартуға, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жете тексеру жасалған жобалау құжаттамасында қателіктер мен дәлсіздіктерді анықтауға, сондай-ақ құрылыс жобасын жүзеге асырудың тиімділігін көтеру үшін мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.
Зор тәжірибеге ие болып, сонымен бірге жұмыста жобалау саласындағы заманауи өзекті шешімдерді пайдалана отырып, компания сарапшылары жобалау құжаттамасына бағалау жүргізгеннен кейін ұсыныстар тобын дайындайды, оларды жүзеге асыру жобалау құжаттамасындағы кемшіліктерді жоюға және жоба сапасын айтарлықтай шамада көтеруге мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда сарапшылар жұмысы тұрғызылып жатқан ғимараттар мен құрылыстар сапасы мен қауіпсіздігін барынша көтеруге, сондай-ақ жобаның барлық рұқсат беру процедураларынан табыспен өтуіне бағытталған.