Қызметтер

Біз ведомстводан тыс кешенді сараптау саласындағы мынадай қызметтер кешенін көрсетеміз:
— жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы
— сараптау алдындағы кеңес беру және жобалау шешімдерін талдау

Біз көрсететін қызметтер сапасы сараптау ұйымына бақылау органдары қоятын барлық талаптарға сәйкес келеді, оған мемлекеттік аккредиттеу куә болады.
Жобалау-сметалық құжаттама сараптамасын орындай отырып, ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс жасаймыз, бұл ретте Тапсырыс берушімен жасалған шарттың мерзімі мен талаптары да сақталады.

Бәсекелестік артықшылықтарымыз:
— тәуелсіз сарапшылық қорытындылардың қысқа мерзімі;
— қызметтер құнының оңтайлылығы;
— жоғары кәсіпқой сарапшылар штаты;
— жоғары бедел;
— аумақтық шектеудің жоқтығы: компанияның Алматыдағы кеңсесінде берілген қорытындылар Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жарамды.

Жұмыс нәтижесі жобалау құжаттамасын ведомстводан тыс сараптау қорытындысы болып табылады.
Компания ұзақ мерзімдік әріптестікке бағдарланған, сондықтан да барлық Тапсырыс берушілерімізге жеке тұрғыдан келіп, қызмет құнының жеке есебін береміз.
Бізге жүгіне отырып, сараптама өтуінің сапасына, жылдамдығына, оңтайлы бағаларға және қызметкерліріміздің кәсіпқойлығына сенімді болыңыз!