Қызметтер
Жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы
Жобалау құжаттамасын сараптау тұрғызылатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды кезеңі болып табылады.
Сараптама қала құрылысы, жобалау алды және жобалау құжаттамасының бастапқы деректерге, техникалық шарттарға және жобалау мен құрылыс бойынша талаптарға сәйкестігіне бақылау орнатады.
Сараптама жобалау құжаттамасында пайдалану қауіпсіздігін, конструкциялық беріктікті және салынатын объектілердің орнықтылығын, сәулет шешімдерінің жоғары сапасын, табиғи ресурстарды, сондай-ақ материалдық, энергетикалық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуін қадағалайды.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сапалы жасалған сараптама салушыға артық шығын жасамау мүмкіндігін береді. Жобалар сараптамасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезекте Тапсырыс берушінің қолда бар барлық құжаттарды ұсынуы қажет.
Осыдан кейін компаниямыздың мамандары ұсынылған құжаттаманы тексереді.
Үшінші кезең қолда бар құжаттардың құрылыс саласында белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін зерттеп-білуге мүмкіндік беретін сараптаманы тікелей жүргізуді көздейді.
Егер сараптама жүргізу барысында дәлсіздіктер, не бұзушылықтар анықталып жатса, тапсырыс беруші жекелеген тармақтарға өзгертулер мен түзетулер енгізе алады, осыдан кейін қайтадан зерттеу жүргізіледі.
Жобаларды ведомстводан тыс сараптаудың қорытынды кезеңі сарапшылық қорытындыны беру болып табылады.