2017 жылғы 13-14 шілдеде Алматыда АСҰКБ Сараптама ұйымдары палатасы мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Жалпы жиналыста осы жылдың бірінші жарты жылдығы үшін қорытындылар шығарылды.
Қазіргі уақытта кәсіпқой қоғамдастық 82 аккредиттелген сарапшылық ұйымдарды өз қатарында біріктіріп отыр, онда 441 аттестатталған сарапшы қызмет етеді.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Палата мүшелері 4447 жобалау-сметалық құжаттаманы қарады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 825 жоба ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты тапсырыс берушілерге қайтарылды (не болмаса бұл жобалар жеке меншік сарапшылық ұйымдар құзыретіне жатпайтын болып шықты), 2542 жоба бойынша сарапшылық қорытындылар берілді.
2017 жылғы 1 шілдеге дейінгі ахуалы бойынша бәсекелестік ортаға берілген сарапшылық жұмыстар көлемі 54 % құрады. «Ұлт жоспары» «Бес институционалдық реформа бойынша 100 қадамның» 47 қадамына сәйкес «Жоба алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама өткізуге мемлекеттік монополиядан кезең-кезеңмен бас тарту. Жобалар сараптамасын бәсекелес ортаға беру» көзделгенін еске саламыз. Аталмыш бағдарлама құрылыс жобалары сараптамасын 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жеке меншік нарыққа 90% дейін беруді көздейді.
Жалпы жиналыстың бірінші күні, 2017 жылғы 13 шілдеде, Сараптама ұйымдары палатасының күллі Қазақстаннан келген мүшелері Алматыда СҰП мүше 9 аккредиттелген сараптау ұйымдарында болып, қызметімен танысты. Делегация барған алғашқы ұйым «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС компаниясы болды. Делегация компания қызметкерлері штаты кәсіпқойлығының, бағдарламалық жасақталуының және тиімді құрылған менеджмент жүйесінің жоғары деңгейін атап өтті. Делегация сонымен қатар Қысқы Универсиада-2017 және Азиада-2011 арнап салынған жаңа спорттық объектілерде болып қайтты.
14 шілдеде Алқалық Отырыс барысында сараптама ұйымдары – Палата мүшелері, СҚП Тәртіптік және Сараптама кеңестері жобалау құжаттамасындағы құрылыс объектілері сметалық құнын анықтаудың негізділігі мен дәйектілігін талдауға ерекеше назар аудармақшы екені аталып өтті.
Палатаның бүгінгі таңдағы маңызды міндеттерінің юірі юерілетін сарапшылық қорытындылар сапасын көтеру болып табылатыны аталды, ол туралы Сараптама және Тәртіптік кеңес ақпарат берді, оған «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС бас сарапшысы Щедрина Елена Анатольевна мүше болып табылады.
Аталмыш міндетті жүзеге асыру үшін ай сайын Палата мүшелерінің сараптамалық қорытындыларына мониторинг жүргізіледі, таңдаулы түрде сараптамалық қорытындыларға талдау жүргізіледі, және де олар бойынша сұрақта туындап жатса, онда ескертулер мен ұсыныстар жасалып, берілген сараптамалық қорытындылар сапасын жақсарту үшін тәжірибелік кеңестер беріледі.
Сонымен қатар, Жалпы жиналыс бекіткен Қағидаларға сәйкес, бірнеше критерий бойынша Палата мүшелері қызметіне алғаш рет рейтингтік бағалау жүргізілді. 2016 жыл қорытындысы бойынша рейтингтік бағалау нәтижелері туралы Палата мүшелеріне баяндалды. Рейтинг деректеріне сәйкес «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС компаниясы қызметтік негізгі көрсеткіштері бойынша Қазақстанның барлық жеке меншік сарапшылық ұйымдары арасында көш басында тұр.