ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 17.07.2017 ЖЫЛҒЫ № 477 БҰЙРЫҒЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
2017 жылғы 15 тамызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің жылғы № 477 бұйрығы қолданысқа енгізілді, ол ҚР Ұлттық экономика министрінің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі негізгі үш бұйрығын жаңа редакцияда бекітуді көздейді.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 жылғы № 477 аталмыш бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпанда қабылданған № 49-VI ЗРК ҚР Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында бекітілді. Аталмыш заң Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингіндегі жайғасымын жақсартуға бағытталған және салалық сараптамаларды (санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына біріктіреді. Осылайша, «бір терезе» қағидаты толық жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік сарапшылық ұйым және аккредиттелген сараптау ұйымдары қосымша салалық сараптамаларды жүргізу үшін беріп жатпай күллі жобаны бір ұйымда кешенді түрде қарайтын болады.
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында (ҚР ҰЭМ 1.04.2015 жылғы № 299 бұйрығы) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімі әлеуетті қауіптілер санатына жатпайтын, жауапкершілігі ІІ деңгейдегі бір мезгілде технологиялық немесе техникалық жағынан күрделі емес объектілер болып табылатын объектілер құрылысының жобалары бойынша 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұлғайтылды.
«Сараптама ұйымдарының палатасының» ресми сайтында айтылғандай, аталмыш Қағидалардағы жаңалық сонымен қатар ведомстволардың жобаларды экологиялық сараптау жөнінен ведомстводан тыс кешенді сараптау жүргізу кезінде құрылыс жобаларын қарау жөніндегі сараптамалық комиссия құруына да қатысты болды.
Сонымен қатар, сараптама комиссиясының экологиялық сараптама бойынша құрылыс жобаларын қарау нәтижелерінің тәртібі мен мәртебесі Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларында (ҚР ҰЭМ 2.04.2015 жылғы № 306 бұйрығы) реттемеленген.
Бұйрықта құпиялылық таңбасы бар немесе «қызметтік пайдалануға арналған» (ҚПА) деп белгіленген құрылыс жобалары (ТЭН және ЖСҚ) мемлекеттік сараптамалық ұйымға қағаз тасығышта ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ұсынылады.
Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары (ҚР ҰЭМ 2.04.2015 жылғы № 305 бұйрығы), өз кезегінде, мемлекеттік сарапшылық ұйымның және аккредиттелген сараптау ұйымдарының сараптамалық қорытынды ресімдеу және беру тәртібін көздейді.