«5 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША 100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ
Құрылыс секторы, белгілі болғандай, мемлекетті гүлдендіруде маңызға ие және елімізге сынақтардың күрделі кезеңінен сеніммен өтуге, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында жолдан таймауға және қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға мүмкіндік беретін беріктік қорын береді.
2016 жылғы 1 қаңтарда елімізде «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамды» орындаудың тәжірибелік кезеңі басталды. Мемлекеттік, экономиканы және қоғамды дамыту үшін қағаидаттық жаңа орта құратын 59 заң күшіне енді.
Жоба алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу саласындада түбегейлі өзгерістер жүрді. 2015 жыл ішінде сәулет қызметі туралы заңға түзетулер дайындалды және кеңінен талқыланды, сала мамандарының, соның ішінде іргелес салалардан мүдделі қатысушылар сарапшылық пікірлеріне талдау жасалды, осының нәтижесінде Қазақстанда құрылыс жобаларына жеке меншік сараптау институты енгізілді.
Сәулет қызметі туралы жаңартылған заңға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алулар заты болып табылмайтын жобаларға тапсырыс беруші сараптама өткізу үшін өз қарауымен кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алулар заты болып табылатын ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын жобаларда тапсырыс беруші байқау негізінде аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға міндетті.
2016 жылғы ақпанда әділет органдарында аккредиттелген сараптама компанияларының кәсіби бірлестігі болып табылатын Сараптама ұйымдары палатасы құрылып, тіркелді. Бұдан былай кез келген жеке меншік сараптама ұйымы екі критерийге сәйкес келген жағдайда өз қызметін іскеасыра алады: аккредиттеу болуы және Сараптама ұйымдары палатасына міндетті мүшелік.
"ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ" ЖШС компаниясы 2016 жылғы 9 ақпаннан бастап «Сараптама ұйымдары палатасы» аккредиттелген сараптама ұйымдары кәсіпқой бірлестігінің толық құқылы Мүшесі болып табылады.
Қазіргі сәтте компанияның сенімділік факторы Тапсырыс берушілеріміздің сараптама ұйымын таңдауында шешушілердің бірі болып табылатынын бірнеше атаған болатынбыз.
«ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС компаниясы «Сараптама ұйымдары палатасы» Кәсіпқой бірлестігінің алғашқы аккредиттелген мүшесі болып табылады. Оның үстіне, 2017 жылғы 14 шілдеде Алматы қаласында өткізілген Сараптама ұйымдары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысында «Сараптама ұйымдары палатасы» Төрағасы ұсынған деректерге сәйкес, «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС компаниясы негізгі қызмет түрлері бойынша Қазақстанның барлық жеке меншік сараптама ұйымдары арасында көш бастап тұр. Бұл мақтанатын дүние екені сөзсіз, алайда біз үшін осымен тоқтамай алға жылжудың қуатты түрткісі.