ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

2017 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық палатасында Құрылсшылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рамазанов Е.М., «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Досмаганова А.Д., Құрылыс департаментінің қызметкерлері, «Сараптама ұйымдарының палатасы» АСҰКБ, Жобалаушылар қауымдастығы және құрылыс саласындағы басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рамазанов Е.М. сала жұмысшыларын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің атынан және өз атынан кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен құттықтады.

«Сараптама ұйымдарының палатасы» АСҰКБ бірқатар басшылары мен қызметкерлеріне «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының марапаттары табысталды: «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС сарапшысы Щедрина Е.А. экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға сіңірген ерекше жеке еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен (Алматы қ.)

«Қазақстанның құрметті сәулетшісі» құрметті белгісімен «Құрылысты нормативтік-техникалық қамсыздандыру әзірлеушілері қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы Тулебаев А.М., Республиканың Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық құрылыс комитеті алғыс хаттарымен Карамбаева Г.С. – «ПРОЕКТЭКСПЕРТИЗААSTANA» ЖШС сарапшысы, Голубева Л.В. – «ExGroup» ЖШС сарапшы– сметашысы марапатталды.

16 тамызда "ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ" ЖШС компаниясы сарапшылары әріптестерін Құрылысшылар күнімен және еңбектері сіңген марапаттар алуымен тағы құттықтайды.

 

null